2024 жылы Қазақстанда 1 488 308 адам паспорт алған. Бұл еліміз үшін отыз жылда болмаған рекорд, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, осы миллиондаған адамның арасында туғанына небары 10 күн болған сәби және ғасырдан астам уақыт жасаған, яғни, 109 жастағы қария бар.
«Ел азаматтарының төлқұжат алуға деген мұнша сұранысы – балалардың төлқұжатын аларда төленетін тарифтің екі есе арзандауымен байланысты», - деп хабарлайды дереккөз.