Отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Дина Төлепбергенге берген сұхбатында марқұм күйеуінің ашуға ерік беріп, ыдыс сындырған кездері туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тележүргізуші марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевтың тарапынан абьюз қарым-қатынас болмағанын айтты. Оның сөзінше, күйеуі қайтыс болған болған соң өмірі дейін және кейін болып екіге бөлінген. Бірақ “дейін” деген өмірі ең жарқын сәттерден тұратынын айтты.
“Өмірімдегі жарқын кездер қайталана ма, жоқ па бір Құдай біледі. Бірақ мен ол кезді тек жақсы жағынан еске аламын. Ашуға келетін болсақ, кез келген ер азаматтың ашуы әр қалай. Біреу айғайлайды, біреуі ыдыс сындырады, енді біреуі шапалақпен тартып жіберуі мүмкін. Қайрекең ыдыс сындыратын. Қатты ашуланғанда үстелдің үстінде тұрған дастарханды тартып қалады. Үстінде қандай ыдыс, қандай тамақ тұр бәрі құлап, сынуы мүмкін. Адамның сырын білген соң сен оны сондай жағдайға жеткізбеуге тырысасың”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Ол адамды қанша жерден жақсы білемін десең де оны 100 пайыз тану мүмкін емес екенін айтады.
“Қайрат ашуланғанда екінші тарап сөз қайтарғанды ұнатпайтын. Бірақ тез басылады. Артынан “жүр шәй ішеміз” деп шақырып, бәрін ұмыта салады. Мұны ол өз балаларына да айтады. Ашулы екенін көріп тұрсаң, сөз қайтарма. 5 минут тыңда, одан кейін ашуы басылады. Басқа үйге келгенде өз принциптеріңді ұмыту керек. Біздің қателігіміз сол. Мәселе, сенің төмендей салуыңда немесе сол үйдің заңына бағынуыңда емес. Мәселе – сөйлесе алуда. Ұрыс кезінде тыныш тұра тұру керек, эмоцияға берілмеу керек.