$519.28 €540.05 ₽5.31
×

Теңіз кенішін келешекте кеңейту жобасының құрылысы аяқталады

06.01.2025ж. 20:00
348
Теңіз кенішін келешекте кеңейту жобасының құрылысы аяқталады

Теңіз кенішін келешекте кеңейту жобасының құрылысы аяқталады. Президент «Ана тілі» газетінің тілшісіне берген сұхбатында мұнай өңдеу, мұнайгаз-химия саласын дамыту ісіне баса назар аударылатынын айтты. Атырау облысында бұл бағытта бірнеше ірі жоба жүзеге асып жатыр. Құны - 46 млрд доллар тұратын ел тарихындағы алпауыт жоба іске қосылған кезде мұнай өндіру көлемі 12 млн тоннаға өседі. 600 мыңға тарта тұрақты жұмыс орны ашылады. Көмірсутек шикізатын терең өңдеу бойынша облыс аумағындағы арнайы экономикалық аймағында 19 қатысушы тіркелген. Соның ішінде жылына 500 мың тонна полипропилен шығаратын зауыт іске қосылды. Одан өзге де еліміздің экологиялық әлеуетін нығайтатын мұнай-химия өнеркәсібінің серпінді инвестициялық жобалары баршылық. 

АҚБӨБЕК ШАРҒАБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Екінші кезең - полиэтилен зауытының құрылысы басталып жатыр. Одан басқа Терефтал қышқылын және полиэтилентерефталат өндіру зауыты салынады. Сонымен бірге газ бөлу қондырғысын орнату және этан жеткізу құрылысы жобасы іске асырады. Одан бөлек тағы да газ өңдеу зауыты жүзеге асып жатыр. Осы жобалардың бәрі іске қосылғаннан кейін Атырау облысында өңдеу өнеркәсіпбі қарқынды дамитын болады