$519.28 €540.05 ₽5.31
×

Атырау облысында 29 жастағы жігітті үйінің қасында атып кетті

06.01.2025ж. 20:00
429
Атырау облысында 29 жастағы жігітті үйінің қасында атып кетті

Атырау облысында 29 жастағы жігітті үйінің қасында атып кетті. Кеудесіне тиген оқтан ол оқиға орнында қаза тапты. Қанды қылмыс Құрманғазы ауданының Жанауыл ауылында болған. Дәл осы күні оң қолына оқ тиіп және пышақ жарақатымен 3 жігіт медициналық көмекке жүгінген. Полицейлер қанды оқиға таныстар арасындағы кикілжіңнен басталған,- деп отыр. Ауылдасын атты деген күдікпен 30 жастағы жігіт қамауға алынды. Оқиғаға қатысы бар тағы 7 адам тергеу изолятторында. 

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Құрманғазы ауданында орын алған адам өлтіру және бұзақылық дерегіне қатысты қазіргі таңда 8 күдікті анықталып ұсталды. Адам өлтіру дерегімен 30 жастағы күдікті, бұзақылық деректеріне жол берді деген жеті күдікті қамауға алынған. Қазіргі таңда Құрманғазы аудандық полиция бөлімімен кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.