Қарағанды облысында соңғы 4 күнде 9 жүзден астам заң бұзушылық тіркелді. Басым көпшілігі, қоғамдық тәртіп бұзу, мас күйде көлік айдау, жол ережесін бұзу фактілері. Жұрт мереке тойлап жүрсе, полицейлер асыра сілтеген тұрғындармен күресті. Елдің мазасын алып қоғамдық тәртіп бұзған 185 адам жазаға тартылды. Ал 7 жүзден астам жүргізуші жол ережесін өрескел бұзған. Оның 8-і мас күйде көлік жүргізіпті.
РИНАТ ӨСКЕМБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПОЛКІНІҢ КОМАНДИРІ:
“Жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін Қарағанды қаласының патрульдік полиция қызметкерлері 900- ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Қарағанды облысының орталық тұрғындарымен демалыс күндері қоғамдық тәртіпті сақтап 185 азаматтың тыныштық бұзғанын анықтады.