$526.81 €542.72 ₽5.16
×

"Мемлекет басшысы қоғамда қызу талқыланған көкейкесті мәселелерге қатысты пікір білдірді" - Е. Қарин

06.01.2025ж. 20:00
105
"Мемлекет басшысы қоғамда қызу талқыланған көкейкесті мәселелерге қатысты пікір білдірді" - Е. Қарин

Жыл басында ашық әрі мазмұнды сұхбат беру жаңа саяси дәстүрге айналып келеді. Ерлан Қарин Президенттің «Ana tili» газетіне берген сұхбатына байланысты осылай дей келе, Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда қызу талқыланған көкейкесті мәселелерге пікір білдіргенін айтты. Ондағы негізгі ой-тұжырым - елдегі жан-жақты реформалардың жалғасатыны, әрі жұмыс пен сын-қатер толы кезеңде қоғамның береке-бірлікті сақтай білуі дейді мемлекеттік кеңесші. 

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Жалпы, сұхбатта ішкі саясаттың 2025 жылға арналған күн тәртібі анықталған. Мұндай тәсіл мемлекеттік органдар үшін де, қоғам үшін де тиімді, себебі мемлекет саясатының мақсаттарын терең түсінуге септігін тигізеді. Биліктің елімізді одан әрі дамытуға қатысты ұстанымын көрсетеді.