$526.81 €542.72 ₽5.16
×

19 келіден аса есірткі затын тасымалдаған күдікті ұсталды

19 келіден аса есірткі затын тасымалдаған күдікті ұсталды

Жолаушыдан 20 келіге жуық есірткі тәркіленді. Қызылордалық полицейлер «Самара-Шымкент» тасжолының бойында тыйым салынған затты тасыған күдіктіні ұстады. Тәртіп сақшылары жылдамдық режимін бұзған «Хюндай» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан төрт үлкен полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті зат анықталған. Сараптамаға жіберілген заттың кептірілген марихуана екені расталды. 

ОРЫНБАСАР ЖЕТКЕРГЕНОВ, ҚР ІІМ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛДІГІНІҢ ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ:
Автокөлікті тізгіндеген 51 жастағы жүргізуші Байқоңыр қаласының тұрғыны болып шықты. Күдіктіге қатысты сот санкциясымен 2 ай берзімде күзетте ұстау бұлтартпау шарасы қолданылып, қазіргі таңда қылмыстық іс тергеп тексерілуде.