Түркістан облысының әкімі болып Нұралхан Көшеров тағайындалды. Су жаңа басшысыны Премьер-министр Олжас Бектенов таныстырды. Депутаттарға алдымен Мемлекет басшысының Түркістан облысының әкімі лауазымына екі кандидат ұсыну туралы хаты оқылды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтің және Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің кандидатуралары ұсынылды. Сайлау комиссиясы ашық дауыс беру қорытындысын шығарып, 288 дауыстың 224-і Нұралхан Көшеровке берілді.