Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Әлеуметтік медициналық қамсыздандыру. Бәрі бірден оңалмайды.

AstanaTV
27.05.2017ж. 20:00
3599
Әлеуметтік медициналық қамсыздандыру. Бәрі бірден оңалмайды.

Емхана-клинкаларда ақшасы бар адамға немесе қызметкеріне медициналық сақтандыру жарнасын төлейтін салмақты мекемеде жұмыс істейтін адамға «мәртебелі мейман» сияқты қарайтыны, ал мемлекет есебінен емделетін қарапайым адамға «шақырылмаған қонақ» тәрізді қарайтыны шын. Осы «екінші сорттықты» жоюға жаңа жүйе –әлеуметтік медициналық сақтандыру ықпалдаса ма? Алдағы шілде айынан бастап енетін осы жүйеге орай тиісті органдар, дәрігерлердің өздері түсініктеме беріп, ақпараттық науқан жүріп жатқаны мәлім. Мына сауалды осы аптада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифингте дербес қойғанбыз. Жауап:

Забира Оразалиева, Әлеуметтік медициналық қамсыздандыру қорының атқарушы директоры:

Бұл жүйені енгізе салысымен айтарлықтай нәтиже күту қателік. «Көш жүре түзеледі» дегендей, мемлекеттік емхана болсын, мемлекеттік емес болсын, азаматтарға қызмет көрсету – уақыт келеді, жоғарылайды. Осы бүгін, шілдеден бастап жарна төлеп жатырмыз, күрт өзгеріп кетеді деп ешкім айта алмайды.  

Сауал көп ғой, әйтсе де нақты сауалдардың жауабы керек. Мысалы, біздің екінші сауал - қарапайым адамдар невропатолог сияқты арнайы мамандарға қаралу үшін қабылдауға бірнеше ай бұрын жазылады. Жаңа жүйеде арнайы мамандарға қаралу, кезек мәселесі қалай шешілмек? 

Забира Оразалиева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» басқарушы директоры: 

Невропатологта тізім үлкен болып, қарала алмайтын болсақ, қандай басқа мекемеде сондай маман қарауға мүмкіндігі бар екенін анықтап, соған жіберу. Ол дәрігердің міндеті. 1-шілдеден бастап бола қоймайды, әрине. Мұның бәрі келе-келе енгізіліп жатқан жаңалықтар.