$527.3 €544.86 ₽4.95
×

Армения мен Өзбекстанда жер сілкінісі болды

AstanaTV
06.01.2025ж. 23:20
205
Армения мен Өзбекстанда жер сілкінісі болды

Армения мен Өзбекстанда жер сілкінісі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ArmenPress басылымының мәліметінше, Армения ішкі істер министрлігі 6 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:28-де (Астана уақыты бойынша 18:28-де) Жермук қаласынан солтүстік-батысқа қарай 22 шақырым жерде магнитудасы 3,1 балл болатын жер сілкінісін тіркелгенін мәлімдеген. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болғаны хабарланды.

Артынша Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті уақыт бойынша 20:25-те (Астана уақыты бойынша 20:25) жер сілкінісі болғанын хабарлады. Жер сілкінісінің ошағы Ташкенттен 352 шақырым жерде Науаи облысының Тамдын ауданында орналасқан. Магнитудасы – 3,6 балл, тереңдігі - 10 метр. Эпицентрдегі жер сілкінісінің күші 4 баллды құраған. 

Екі елде де зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет жоқ.