$527.3 €544.86 ₽4.95
×

Атырау облысындағы төбелес адам өлімімен аяқталды

AstanaTV
07.01.2025ж. 08:19
110
Атырау облысындағы төбелес адам өлімімен аяқталды

Төбелес Кудряшов селолық округінің аумағында орналасқан Жаңауыл елді мекенінде тіркелді, деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

«Жанжал кезінде 29 жастағы ер адамды өлтірген 30 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазір адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жанжалға байланысты кешенді тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Төбелесте түрлі дене жарақатын алған 20 және 33 жастағы екі ер адам аудандық ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Адам өліміне әкелген заң бұзушылыққа қатысты 7 күдікті ұсталып, қамауға алынды.