$527.3 €544.86 ₽4.95
×

95 көліктің соқтығысуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
07.01.2025ж. 09:07
116
95 көліктің соқтығысуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Астана-Петропавл бағытындағы жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Естеріңізге сала кетсек, 3 қаңтар күні 95 көлік соқтығысқан еді.Жаппай апат салдарынан Бұланды аудандық ауруханасына түрлі жарақатпен 11 адам жеткізілді. Төртеуі ауруханаға жатқызылды.

«3 қаңтарда Астана - Петропавл жолында, Жаңаталап ауылының маңында болған ЖКО фактісі бойынша жүргізушілердің қашықтықты және жылдамдық режимін сақтамау дерегіне байланысты ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі бойынша «Жол қозғалысына қатысушылардың абайсызда орта дәрежелі денсаулыққа зиян келтірген ЖЖЕ бұзуы» және 353-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды», – деді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Пинчук.