$527.23 €544.05 ₽5.05
×

Жамбыл облысы әкімінің Желідегі жазбасы қызу талқыға түсіп, күлкіге айналды

AstanaTV
07.01.2025ж. 22:14
228
Жамбыл облысы әкімінің Желідегі жазбасы қызу талқыға түсіп, күлкіге айналды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің баспасөз хатшысы Жанғазы Ахмет әлеуметтік желіде қызу талқы мен әзілге айналған өңір басшысының фотосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарашөкеев екі күн бұрын Instagram-дағы парақшасында 2025 жылды Жамбыл облысында "Кітап оқу жылы" деп белгілегені туралы жазбасын жариялады.

Әкім Жаңа жылдағы демалыста уақыт тауып, Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" романын және Күләш Ахметованың "Құт" атты өлеңдер жинағын қайта оқып шыққанын жазды.