Астанада ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» ШЖҚ РМК басшылары бірнеше рет пара алғаны әшкереленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Антикор мәліметінше, бас директордың орынбасары және оның қарамағындағы – құрылыс басқармасының бастығы мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқаны, орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және олар бойынша ақы төлегені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктенеді.
«Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.