$518.37 €609.97 ₽6.6
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарын қабылдады

08.01.2025ж. 20:00
662
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Президент кездесу барысында алдымен оның Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымын енгізудегі мақсатына тоқталды. Яғни, басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту екенін айтты. Бұдан бөлек, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.