$527.23 €544.05 ₽5.05
×

2030 жылға қарай елде 2 миллионнан астам кадр тапшы болуы мүмкін

08.01.2025ж. 20:00
99
2030 жылға қарай елде 2 миллионнан астам кадр тапшы болуы мүмкін

2030 жылға қарай елде 2 миллионнан астам кадр тапшы болуы мүмкін. Қазірдің өзінде 300 мыңға жуық маман жетіспейді. Жастар қолына дипломын алған соң, мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Мәселе қалай шешілмек? Осы және өзге де ақпараттар "ЭКОНОМИКА" топтамасында. 

Баспана алуға немесе денсаулығын жақсарту үшін зейнетақы жинағындағы ақшасын пайдаланатындар күн санап артып жатыр. Былтыр қаржысын кәдеге асырғандардың үлесі екі есе артқан. Олардың арнайы шотына 565 млрд теңге аударылды. Бөлінген сома негізінен тұрғын үй жинағын толықтыруға жұмсалды. Тек 7 пайызы ғана үй сатып алар кезінде есеп айырысуға қолданған. Денсаулығын түзеуге ниет білдіргендердің де қарасы қалың. Бас-аяғы 36 мың өтінім иелерінің арнайы шотына 33 млрд теңге түсті. Оның басым бөлігі стоматологиялық қызмет ақысын өтеуге жұмсалған.

Зейнетақы жинағын пайдаланғандардың үлесі екі есе артты

Арнайы шотқа аударылды - 656 млрд теңге

Баспана сатып алуға жұмсаған - 7%

Денсаулығын түзеуге өтінім бергендер - 36 мың

Арнайы шотқа аударылды - 33 млрд теңге

Елімізде әрбір үшінші азамат ресми тіркеусіз жұмыс істейді. Яғни, еңбек құқығының қорғалуын, келешекте зейнетақымен қамсыздануды құнттамайтын азаматтар бар. Бұлардың басым бөлігі ер азаматтар. Дені жастар мен зейнеткерлер. Ресми тіркеусіз екі қолға бір күрек ұстағандардың көбі Түркістан, Алматы облыстарында және Шымкентте тұрады. Ал көлеңкелі кәсіпті дөңгелетіп отырғандар батыс аймақта көптеп кездеседі.

Алдағы 5 жылда 2 млн маманға тапшылық туындайды. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы арнайы зерттеу жүргізген. Сауалнама нәтижесінде жұмыс істеп жүрген жастардың 20 проценті өз мамандығы бойынша еңбек етпейді екен. Бұл кадр тапшылығына алып келеді. Мамандар қазірдің өзінде жоғары білімді қажет етпейтін салаларда маман тапшылығы қатты байқалатынын айтады. Электриктер, дәнекерлеушілер, мұғалімдер мен заңгерлер, жаттықтырушылар, есепшілер мен тігіншілерге сұраныс жоғары. Қазірдің өзінде сан салада үш жүз мың кадр жетіспейді.

Валюта бағамына тоқталайық. Қор нарығында доллар бүгін 531 теңгеден саудалануда. Еуро 544, Ресей рублі 5,13 теңге болды.

Доллар 531 теңге

Еуро 544 теңге

Рубль 5,13 теңге