Биыл 10 мыңға жуық қандас пен қоныс аударушы өңірлік квота алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен бұйрық көшіп келушілерді оңтайлы қоныстандыруды көздейді. Биыл былтырмен салыстырғанда артық 170 адамға квота белгіленген. Қандастардың дені Павлодар облысына қоныстанған. Ақмола мен Шығыс Қазақстан облысына да тұрақтанушылар артып келеді. Сондай-ақ Абай, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарын таңдағандар да бар. Қоныс аударушылардың көпшілігінің таңдауы Павлодар облысына ауған. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облысына да тұрақтағандар жетерлік. Олардың барлығына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Көшу үшін отбасының әр мүшесіне 70 АЕК көлемінде біржолғы төлем төленеді. Жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдеседі. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама мен тұрғын үй сатып алуға сертификат беріледі.
Өңірлік квота 9 653 адамға белгіленді
170 адамға артық
Қандастар
Павлодар облысы – 1 056 адам
Ақмола облысы – 285 адам
Шығыс Қазақстан облысы – 269 адам
Абай облысы – 244 адам
Солтүстік Қазақстан облысы – 175 адам
Қостанай облысы – 150 адам
Атырау облысы – 100 адам
Батыс Қазақстан облысы – 30 адам
Қоныс аударушылар
Павлодар облысы – 3 050 адам
Солтүстік Қазақстан облысы – 2 969 адам
Қостанай облысы – 535 адам
Шығыс Қазақстан облысы – 372 адам
Абай облысы – 255 адам
Ұлытау облысы – 125 адам
Қарағанды облысы – 38 адам
Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі
- көшуге субсидиялар – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК бойынша біржолғы төлем;
- жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;
- тұрғын үй сатып алуға экономикалық мобильділік сертификаттарын беру.