Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елде көлік құралдарынан салық алынбайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kg порталына сілтеме жасап.
Сөзінше, тиісті шешім елде "Жол қоры туралы" заңға әр литр отыннан 1 сом жинауды көздейтін өзгерістер күшіне енгендігімен байланысты.
"Мен көлік салығын алып тастауды тапсырдым және тиісті жарлыққа қол қойдым. Енді көлік құралдарынан салық алынбайды, оның орнына 1 қаңтардан бастап автомобильге құйылған бензиннің немесе дизельдің әр литрінен 1 сома алынады. 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін автокөлік салығын төлемеген азаматтарға рақымшылық жариялауды тапсырдым", – деп жазды Қырғызстан басшысы Facebook парақшасында.