«Ақтөбе»
футбол клубы мен Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының
экс-басшыларына қатысты үкім шықты. Клубқа жетекшілік жасаған Васильев 8 жылға,
ал өңірдің бұрынғы бас спортшысы Маханов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ екеуі Ақтөбе облыстық қаржы басқармасының пайдасына 240 млн
840 мың теңге материалдық шығынды өтеуге міндеттелді. Жеке мүліктері
тәркіленіп, басшылық қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрылды.
Еске салсақ,
ресейлік маман Васильев 240 миллион теңгені жымқырды деп айыпталған. Ал спорт
саласына жауапты болған экс-шенеунік Маханов қазына қаражатын негізсіз
талан-таражға салғаны үшін сотқа тартылды.
Илиада
Досова, Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі:
Сот
жаза тағайындау барысында сотталушылардың бұрын сотты болмағандарын, жағымды
мінезделетінін, отбасы жағдайын ескерген. Сонымен қатар, сотпен Д.Васильев пен
Е.Маханов атқарушы биліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, облыстың дене
шынықтыру және спортты дамытудағы жалпы
мемлекеттік саясатын жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдардың беделін түсіргені ескерілген.