Павлодар облысында кроссовер қарсы бетке шығып, жүк көлігіне соқтығысты. Оқиға орнында екі адам тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеп, түсіндірме жасады.
«Павлодар-Семей» автожолында, Аққулы ауданы Тілектес ауылының маңында Kia Sportage автомашинасының жүргізушісі қар күрейтін машинаны басып озу барысында қарсы қозғалыс жолағына шығып, Камаз автомашинасымен бетпе-бет соқтығысқан.
Апат салдарынан Kia автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Сондай-ақ, түрлі жарақат алған Kia жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды», - делінген Павлодар облысы ПД хабарламасында.