$524.75 €540.6 ₽5.12
×

Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды

AstanaTV
09.01.2025ж. 15:24
120
Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет өрескел бұзған Mercedes көлігінің жүргізушісін анықтап, жауапқа тартты, - деп жазды KAZINFORM 

Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушы әкімшілік кодекстің жеті бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

— Ол маневр жасау ережелерін бұзған, көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған, апатты жағдай туғызған, көлік құралдарын пайдалану ережелерін сақтамаған, көлікті басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған және пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданған. Бұл әрекеттердің нәтижесінде жалпы сомасы 95 айлық есептік көрсеткішті (373 540 теңге) құрайтын айыппұл салынды, – деп атап өтті Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Сонымен қатар тәртіп бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін де жауапқа тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды. Mercedes көлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Алматы полициясы азаматтарға жол ережелерін қатаң сақтауды және әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке жауапкершілігін күшейтуді ескертеді.