$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Ақтөбеде отыз адам пәтер аламын деп алаяққа жем болды

09.01.2025ж. 20:00
240
Ақтөбеде отыз адам пәтер аламын деп алаяққа жем болды

Ақтөбеде тұрғындар үй алып беремін деген алаяққа алданды. Отыздан астам адам жалдамалы пәтер алып, атына аударып беремін деген кісіге сеніп қалған. Медициналық мекеме қызметкері тұрғындарға жалдамалы пәтерді жеңілдетілген несиемен алып беремін деп уәде еткен. Кейін ол пәтерлерді жекешелендіріп беретін болған. Сөйтіп 2022 жыл мен 2024 жыл аралығында отыз тұрғынның ақшасын алған. Жалпы шығын көлемі- 20 миллион теңге. Қазіргі таңда күдікті ұсталды. 

ЕРБОЛАТ САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазіргі уақытта 30 астам жәбірленуші анықталды. Залалдың жалпы соммасы 20 миллион теңгеден асады. Егер аталған күдіктінің әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса, олар арыз беру үшін №2 қалалық полиция бөліміне жүгіне алады.