$524.75 €540.6 ₽5.12
×

Еңбекке жарамды 9,2 млн азаматтың 80% несиесі бар

09.01.2025ж. 20:00
81
Еңбекке жарамды 9,2 млн азаматтың 80% несиесі бар

Сіз тапқан табысыңыздың белгілі бір бөлігін жинайсыз ба? Сарапшылар қазақстандықтардың тең жартысынан көбі қаржылық сауатсыз екенін айтады. Ақша жинайтындар аз. Себебі алған жалақысының 80 пайызын несие жабуға жұмсайтын көрінеді. Айлығы шайлығынан аспайтындар үшін ақша жинау қаншалықты мүмкін? 

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Еліміздегі еңбекке жарамды 9,2 млн азаматтың 80% банк алдында несиесі бар. 4 млн-астам адам қарызын 90 күннен кешіктірген. Астымыздағы көлікті, басымыздағы баспананы алу үшін бірден банкке жүгінеміз. Ол былай тұрсын күнделікті ішіп жейтін тамағын несиеге рәсімдеп алатындар бар.

Қаражат әлі қолымызға түспесе де, ойланбастан қарызға кіреміз. Мұндай жағдайда ақша жинау туралы ойлаудың өзі қисынсыз. Бар тапқанын кредитке төлеп талай жан жүр.

БЛИЦ-САУЛАНАМА:

- Каждый кісіде кредиті көп, ипотекасы көп. Пенсионерлерге можно жинауға, жастарға өте қиын.
- Ақша жинау оңай емес қазіргі уақытта. Жұмыс істейміз мысалғы 200 мың зарплата аламыз жолдасым жұмыс істейді соның өзінде де жетпейді.

Экономист Бауыржан Ысқақ арқаны кеңге салып, қаражатын басқара алмаудың тағы бір себебі – ысырапшылдық дейді. Біреуі аздай, бірнеше несие алатындар күннен күнге көбейіп барады. Оның пайызы қанша, төлей алмаған жағдайда не болатынына мән бермейді ешкім. .

БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:

Кем дегенде халықтың 25-30% қаржылық сауаттылықтың элементті бөліктерін болса, мысалға табыс тапқан кезде соның міндетті түрде мобильді қосымшалар деген бар автоматты түрде бір 10-15% арнайы счетқа барып түсіп отыратын болса. Азаматтар бірінші өздерінен бастауы керек. Сол үшін өзінің мүмкіндігіне қарай. Табысына қарай көрпесіне қарай көсілгені дұрыс.

Жалақыны өсіру -проблеманың шешімі емес. Өйткені онымен бірге азық-түлік, киім-кешек бағасы да қымбаттайды дейді – мамандар. Финансист Медет Тұрар депозитте белгілі қордың болғаны абзал екендігін айтады. Әр адам тапқан табысының кемінде 10 пайызын жинап отыру қажет.

МЕДЕТ ТҰРАРОВ, ҚАРЖЫ МАМАНЫ:

Біздің тапқан табысымызға қарағанда жарататын ақшамыз әлдеқайда көп. Керексіз заттар алып импульсивті сатып алымдар жасайтындар жетерлік. Бұл- психологиялық проблема. Осы ретте арнайы мамандармен жұмыс істеуге кеңес беремін. Капиталыңызды арттыру мақсатында акциялар сатып алған дұрыс. Әрине қор нарығына кірместен бұрын белгілі білім беру курстарына барған дұрыс.

Ұсақ қарыздар көлемдірек түрлеріне қарағанда оңай жабылады. Сондықтан психологтар қарыздан құтылуды ойлаған адамның осыдан бастағаны жөн деген кеңес береді. Бірте-бірте жинақтауды бастауыңыз керек, ақшаны үнемдеудің және көбейтудің қауіпсіз жолдарын тауып, кірісіңізді арттыру мүмкіндіктерін іздеу маңызды.