$524.75 €540.6 ₽5.12
×

"Таза бейсенбі" акциясы жалғасуда

09.01.2025ж. 20:00
101
"Таза бейсенбі" акциясы  жалғасуда

Елордада колледж студенттері "Таза бейсенбі" акциясына қатысты. Шара аясында 30-ға жуық жас оқу орнының айналасын тазалап, қар күреді. Ызғарлы күнде оларға ауыр техникалар жәдемдесіп, жұмысты жеңілдетті. Экоакция әлі де жалғасады. 

ОЛЖАС ОСПАНОВ, КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ:

"Таза бейсенбі", "Таза Қазақстан" аясында бізде осы колледждің айналасында іс-шаралар өтеді, қар тазалау. Жазғытұры кезі субботник болса, барлығы ол балаларды оқуларымен бірге және өздерінің оқудан бөлек қоғамдық жұмыстарға да қатынасуға мүмкіндіктер туғызады. Бүгін енді шамамен 30 шақты баланы 3 группадан снимать етіп алып, қар тазалау жұмыстарына белсенді крістірдік.

Акцияға алматылық жастар да атсалысып, Бостандық ауданындағы «Достық» саябағы аумағын тазалады. Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистранттары бүлдіршіндерге арналған ойын алаңы, спорт аймағы мен орындықтарға екі тәулік бойы тоқтаусыз жауған ақ ұлпаны күреді. Белсенділер "Таза бейсенбі" - тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі" дейді. 

ҒАЛЫМЖАН КЕРІМБЕК, "АMANAT" ПАРТИЯСЫ БОСТАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЯСИ КЕҢЕС МҮШЕСІ:

Бұл акцияның мақсаты – еліміздің арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бізде Халықаралық Қытай мен Қазақстан арасындағы халықаралық келісімге сәйкес, бізде қазір мінекей қосымша білім алуда. Магистранттар, докторанттар. Бүгін 20-дан аса білім алушыны ертіп келіп отырмыз.