Қазақстан аусылдан таза аумақ ретінде танылды. Енді Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерге емін-еркін ет өнімдерін экспорттай аламыз. Күні кеше Парижде тиісті сертификат табысталды. Оған Алматы, Жамбыл, Қызылорда Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүргізілген вакцинация жұмыстарының нәтижесі арқау болған. Бұл Халықаралық эпизоотиялық бюро Бас ассамблеясының 85-ші отырысында 180 мүше елдің дауыс беруімен шешіледі. Мұндай мәртебе осыған дейін ТМД елдері ішінде Беларусь пен Украинаға берілген екен. Сондай ақ, былтыр Ресей де қол жекізген.
Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрініің бірінші орынбасары:
Қытай
Халық Республикасының ветеринария бойынша уәкілетті органы өткен жылдың
қыркүйек айында ХЭБ-тің шешімі негізінде 9 облыстан аусыл бойынша шектеулерді
алып тастаған. АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жаңа ғана
алынған мәртебе негізінде қалған 5 облыстан шектеулерді алу үшін Қытай
тарапымен жұмыс жүргізуді жалғастыруда.