Қызылжардағы зираттарда заңсыздық орын алып жатыр. Ортақ ережені елемейтіндер жақындарын жабық мазарларға жерлеуді әдетке айналдырған. Шартқа сәйкес зираттың орналасу ретін жауапты мекеме тағайындауы тиіс. Алайда, ол талапқа құлақ асып отырған жан жоқ.
Ирина Скоробогатова, ритуалды қызмет агенттігі директорының орынбасары:
Тұрғындар бос орындарды бізден сұрап біліп, мәйітті сол жерде жерлеуі керек. Алайда, олай жасамайтындар да бар. Ешбір рұқсатсыз өлікті жерлеп қояды. Марқұмның қандай жағдайда өлгені, медициналық анықтамасы бізге көрсетілмейді. Мүмкін, арасында азаптап өлтірілген кісілер бар шығар. Біз мәйіттерді ортақ базаға тіркейміз. Ертең туыстарын іздестіргенде жерленген орнын бірден табу үшін. Алайда, тізімде кей адамдар жоқ.
Марқұмдарды
жерлеудің жаңа ережесі заңмен бекітіле ме? Бұл жайында толығырақ ертең сағат
20:00-де «Біздің уақыт» бағдарламасынан көре аласыздар.