$524.75 €540.6 ₽5.12
×

Жамбыл облысында есептегі азамат мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаланды

AstanaTV
09.01.2025ж. 18:18
114
Жамбыл облысында есептегі азамат мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаланды

Жамбыл облысында есептегі азамат мас күйде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды polisia.kz.

"Есептегі тұлға жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде Жуалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері құқық қорғау органдарында есепте тұрған азаматтарды тұрғылықты жері бойынша аралап, 144 адамды тексерді. Бірқатар қоғамдық тәртіп пен белгіленген шектеулерді бұзу деректері анықталды.

Атап айтқанда, сотпен ерекше талаптар белгіленген аудан тұрғыны мас күйінде рульге отырған. Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Көлік құралын алкогольдік мас күйінде жүргізушінің басқаруы), ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы (Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқару құжатын орындамау) бойынша жауапқа тартылды.

Белгіленген шектеулерді есептегі тағы екі тұрғын бұзды. ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша «нашақор» санатына есепке қойылған тұлғалар жауапкершілікке тартылды.