«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Калифорния штатында болып жатқан орман өрттеріне байланысты жағдайды мұқият бақылауда, - деп жазды KAZINFORM.
Қазіргі таңда Калифорния штатында 73 стипендиат білім алуда, оның ішінде 56-сы «Болашақ» бағдарламасының, ал 17-сі ғылыми тағылымдама бағдарламасының стипендиаттары. Барлығы аман-есен, кураторлармен байланыста.
«Стипендиаттар жергілікті билік органдарының ұсыныстарын орындап, жағдай туралы бізге жедел түрде хабарлап отырады. Біз университеттермен тұрақты байланыстамыз және кез келген өзгеріске жылдам әрекет етуге дайынбыз», – деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі.
Орталық барлық стипендиаттарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.