$524.75 €540.6 ₽5.12
×

Еуропада метапневмовирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

AstanaTV
10.01.2025ж. 11:29
104
Еуропада метапневмовирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

Дәрігерлер Румынияның Бихор округінде адам метапневмовирусын (HMPV) жұқтырудың алғашқы жағдайын тіркеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Науқас – Орадия қаласының 67 жастағы тұрғыны. Әйел елден ешқайда шықпаған. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бір күн бұрын ол Кантакузино институтында денсаулығына байланысты сараптамадан өткен. Кейін вирус жұққаны туралы расталған.

Осыған байланысты Бихордың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы инфекцияның себебін анықтау үшін эпидемиологиялық тергеу бастады.

Дәрігерлердің айтуынша, науқаста қатар жүретін аурулар да бар. Оның белгілері желтоқсан айының соңында пайда бола бастаған. Әйел ауруханаға оқшауланып, жатқызылды. Қазір жағдайы тұрақты.

Метапневмовирустың өршуі: Қазақстанда карантин шектеулері қайта енгізіле ме

Дәрігер метапневмовирустың ауыр түрімен ауыратын адамдардың санаттарын атады

Адамның метапневмовирусы (HMPV) – тыныс алу жолдарына әсер ететін және өкпенің жоғарғы және төменгі бөліктерінің қабынуын тудыратын вирус. Вирус алғаш рет Нидерландыда 2001 жылы табылған. Бірақ кейбір мәлімет бойынша ол 1950 жылдардан бері адамдар арасында таралып келеді.