Қазақ халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің жаназасы АҚШ-та оқылып, ол осы елде жерленетіні белгілі болды.
Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі АҚШ-тағы қазақтар қауымдастығына сілтеме жасап хабарлады. Бұл ақпаратты жазушының ұлы Едіге Мағауин жеткізген.
Агенттіктің жазуынша, "Мұхтар Мағауиннің жаназасы қаңтардың 11-і, сенбі күні сағат 10:00-де Ленхем қаласындағы түріктің Diyanet Center of America мешітінде оқылады, қонақасы да сол орында 13:00-де беріледі. Жерлеу рәсімі 11:00-де Parklawn Memorial зиратында өтеді", – деп жазылған жазушының ұлы Едіге Мағауиннің отандастарына жіберген хабарламасында.