$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Мектеп оқушысы вейп шеккеннен кейін қайтыс болды

AstanaTV
10.01.2025ж. 22:49
88
Мектеп оқушысы вейп шеккеннен кейін қайтыс болды

Ресейдің Улан-Уде қаласында 17 жастағы мектеп оқушысы вейп шеккеннен кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Mash"-қа сілтеме жасап.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, мектеп оқушысы үйіндегі жуынатын бөлменің есігін жауып алып, ұзақ уақыт бойы шықпаған. Оның жағдайына алаңдаған туыстары есікті бұзып, еденде ес-түссіз жатқан қызды тапқан. Оның жанында телефон мен вейп болды.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жасөспірімнің бөлмесінен темекі шегуге арналған тағы екі электронды құрылғы мен таяқшалары бар Iqos тапты. Барлық табылған заттар, сондай-ақ қыз қайтыс болғанға дейін тұтынатын өнімдер зерттеу үшін тәркіленді. Оқушының қайтыс болу себебі сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін анықталады.