$522.42 €543.89 ₽5.28
×

Ұшақ апатынан ұшқыш қаза тауып, 7 адам зардап шекті

10.01.2025ж. 20:00
706
Ұшақ апатынан ұшқыш қаза тауып, 7 адам зардап шекті

Бразилияның Убатуба қаласында ұшақ апатқа ұшырады. Қайғылы оқиғадан ұшқыш қаза тауып, 7 адам зардап шеккен. Cessna Aircraft бизнес-джет ұшағы әуежайдың ұшу-қону жолағының шегінен шығып кеткен. Әуе кемесі қалалық жағажайға дейін сырғып барып, скейт-парктің жанында жарылды. Бортта 5 адам болған. Жараланғандардың арасында балалар мен жағажайда демалушылар бар. Тұрғындар зардап шеккендерді ұшақ бөліктерінің астынан шығарып алған. Алдын ала мәліметтер бойынша қайғылы оқиғаға ауа райының қолайсыздығы себеп болған.