$522.42 €543.89 ₽5.28
×

Қазақстанда 80 млн теңге жалған ақша тәркіленді

10.01.2025ж. 20:00
141
Қазақстанда 80 млн теңге  жалған ақша тәркіленді

Валюталық операцияларды жүзеге асыру кезінде сақ болыңыздар! Елімізде 80 млн теңгеден астам жалған ақша тәркіленді. 2024 жылы айналымнан 2 мыңға жуық жалған банкнота алынып, қаржылық тұрақтылыққа елеулі қауіп төндірген. Аталған қылмысты жасаумен және сатумен айналысқан 8 адам сотталды. Олар 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Қаржы мониторингі агенттігі мұндай жағдайлар болмауы үшін ақшалай операциялар кезінде банкноталарды мұқият тексеру қажеттігін ескертеді.

ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Ақша қағазының сапасына, қорғаныш элементтеріне (мөртаңбасы, микроэлементтер, белгілі бір жарықта көрінетін белгілері) және текстура мен шрифтіне назар аударыңыз. Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болып қалмау және қылмыстық қудалауға түспеу үшін, бөтен адамдармен ақша алмастырып, валюта айырбастау бойынша қолайлы курс ұсынса да делдалдармен мәміле жасамағаныңыз дұрыс.