$514.94 €583.74 ₽6.13
×

Қостанайда 16 жастағы жасөспірім адам қолынан қаза болды

AstanaTV
12.01.2025ж. 09:47
199
Қостанайда 16 жастағы жасөспірім адам қолынан қаза болды

Қостанайда 16 жастағы жасөспірім қылмыс құрбаны болды. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады.

Tobolinfo.kz мәліметінше, кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті ұсталды.

«Кенеттен жанжал туындаған. Күдікті жасөспірімге пышақ жарақатын салған. Оның мас күйде болғаны анықталды», – деп хабарлады Полиция департаменті.

Қылмыстық істі тергеу Қостанай қаласы полиция департаменті мен прокуратура басшылығының бақылауында.