$502.83 €545.37 ₽5.95
×

“Ел үшін туған“: Мейрамбек Бесбаев Мақпал Жүнісоваға өлең арнады

AstanaTV
12.01.2025ж. 15:09
307
“Ел үшін туған“: Мейрамбек Бесбаев Мақпал Жүнісоваға өлең арнады

Әнші Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік желідегі парақшасында Мақпал Жүнісованы туған күнімен құттықтап, оған арналған өлең жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші Халық әртісімен бала кезінде түскен суретін де жариялаған.

"Мақтаулы Мақпал,

Тәтті әнді Мақпал!

Тербеткен ән боп,

Бақтарды Мақпал!


Ақжүрек Мақпал,

Ән - жүрек Мақпал!

Ел үшін туған,

Елжіреп Мақпал!


Тағдырлы Мақпал,

Ән-жырлы Мақпал!

Сахна сәні,

Сан қырлы Мақпал!


Нәзік үн Мақпал,

Сазы - мұң Мақпал!

Әніңмен егіз,

Әзілің Мақпал!


Күлкің-ай, Мақпал,

Шіркін-ай, Мақпал!

Сақтасын сұқтан,

Бір Құдай, Мақпал!


Әпкетайым туған күніңізбен!", - деп жазды Мейрамбек Бесбаев.