Ресейдің Томск қаласында 7 жасар қыз алаяқтарға алданып, ата-анасының атына несие рәсімдеген, деп хабарлайды Aykin.kz.
"Комсомольская правдаға" басылымы жазғандай, кішкентай қыз танымал виртуалды ойынды ойнап, ақша ұтып алғаны жайлы хабарлама алған.
Танымайтын адаммен сөйлесіп, ақшаны алу үшін оның нұсқаулығын орындайды. Алаяқтар одан ата-анасының ұялы телефондарын суретке түсіруді сұраған.
Нұсқаулыққа сәйкес әрекет еткен оқушы онлайн-несие рәсімдеп, қомақты қаражатты алаяқтарға аударған.
Нәтижесінде, 460 мың рубль (шамамен 2 400 000 теңге) көлемінде ұрлық жасалған.