Йемендегі әл-Байда провинциясында жанар-жағармай құю стансасы мен газ қоймасы жарылып, 10 адам қаза тапты, сондай-ақ 65 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Yemen Online мәліметтері бойынша, Сахер ауданында болған жарылыс тізбекті реакция тудырды, салдарынан көршілес орналасқан екі жанар-жағармай құю станциясы мен жақын маңдағы коммерциялық қоймалар отқа оранды.
Жарылыс кезінде жанар-жағармай құю станциясында көптеген адам болып, жарылыс кезінде қашуға тырысқан олар аласапыранға бой ұрды.
Жергілікті үкімет өкілінің айтуынша, жанар-жағармай құю станциясындағы жарылыс салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тауып, 65-тен астамы жарақат алған.
"Билік жарылыстың себебін зерттеп жатыр, әзірге бұл жағы беймәлім", – деп хабарлады Yemen Online.