$526.81 €542.72 ₽5.16
×

«Сәби сүюді жоспарласаңыз»: уролог орындығын қыздырып жүретін жүргізушілерге ескерту жасады

AstanaTV
13.01.2025ж. 07:43
49
«Сәби сүюді жоспарласаңыз»: уролог орындығын қыздырып жүретін жүргізушілерге ескерту жасады

Қазақстандық уролог Фархат Равилов орындығын қыздырып жүретін жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол орындықты қыздыру аталық бездің жұмысына кері әсерін тигізетінін айтты.

«Қыстыгүні орындықты қыздырып жүру ер адамға зиян. Көп уақыт рульде отырған кезде аталық бездің температурасы көтеріледі. Аталық бездің температурасы көтерілгеннен кейін сперманың түзілуі санына, сапасына, қозғалғыштығына кері әсерін тигізеді. Егер сәби сүюді жоспарлап жүрген болсаңыз, астыңызды қатты ысытпаңыз», - дейді уролог Фархат Равилов.