$516.01 €582.47 ₽6.26
×

СҚО-дағы аудан орталығында ер адамды қатыгездікпен өлтіріп кетті

AstanaTV
13.01.2025ж. 15:42
359
СҚО-дағы аудан орталығында ер адамды қатыгездікпен өлтіріп кетті

Есіл ауданының Явленка ауылында ер адамның мәйіті табылды. Белгілі болғандай 56 жастағы жергілікті тұрғын кісі қолынан қаза тапқан, - деп хабарлайды Qazaqstan Media сайтына сілтеме жасап Massaget.kz.

"Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады СҚО ПД өкілдері.

Полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның денесі 11 қаңтар күні таңғы сағат 8:30 шамасында СҚО Есіл ауданының Явленка ауылында өзінің үйінің маңында табылды. Оқиға орнынан полиция қызметкерлері балта тәркіледі. Қазіргі таңда күдіктілер анықталды. Полиция 59 және 29 жастағы екі ер адамды ұстады.