Арал теңізінің Солтүстік бөлігінде су көбейді. Тиісінше, судың тұздылығы төмендеп, балық қоры артты. Жыл сайын 8 мың тонна су маржаны ауланады. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңа жоба әзірлеуде. Ол 3 негізгі бағытты қамтиды. Министр Нұржан Нұржігітов Арал ауданының тұрғындарымен кездесіп, теңіздің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру жобасының екінші кезеңін іске асыру мәселесін талқылады.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ:
Бұрынғы жылдары 5-6 куб секундына өтетін болса су, биылғы жылы сол вегетация кезінде 100 кубқа дейін апаруға мүмкіншілік алдық. Аралға су жіберуге біз вегетация кезінде де жұмыс атқардық.