Көру қабілеті нашар оқушылар ҰБТ кезінде жанына көмекші адам кіргізе алады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Бұл қадам инклюзивті білім берудің принципі деп атады. Бүгін оқушылардың алғашқы легі ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Сынақ 10 ақпанға дейін жалғасады. Бұл ақылы тесті тапсыруға 167 мың адам өтініш берген. Ақылы сынақтың нәтижесі тек ақылы негіздегі оқуға жарамды. Тестілеу уақыты - 4 сағат. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут уақыт сақталады.
САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:
Сәл мазмұны өзгерді. Былтыр біз үлкен әлемдік банкінің көмегімен ҰБТ-ға қатысты жобаны тәмамдадық. 300-ден астам тест құрастырушылар арнайы оқудан өтті. Енді ақырындап мазмұны және сұрақтардың сапасы өзгереді.