Қызылордада былтыр 66 кәмелетке толмаған бала қылмыс жасаған. Оның 30-ы- мектеп оқушысы, қалғаны студенттер. Ал мектепішілік есепте 360 бала тіркеуге алынған. Оқушылар арасындағы бопсалау, әлімжеттік көрсету, жас ерекшеліктеріне қарай топтасу да тыйылмай тұр. Бұл прокуратура органдары жүргізілген анонимді сауалнама кезінде белгілі болған. Ауыр қылмыс жасаған 4 бала өмірін темір торда өткізуде. Осыған алаңдаған облыс прокурорлары «Саналы ұрпақ – болашақ кепілі» атты форум өткізді. Онда бала тәрбиесі, нашақорлықтың жолын кесу, заң мен тәртіптіп қағидалары туралы сөз болды.
ЕРМАХАН ИБРАИМОВ, ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ:
Бүгінгі тақырып, өзіңіз білесіз, болашақ тәрбиелеу, алдын ала қылмыс жасауды алдын алу, жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын қолдау деген сияқты. Екі-ақ жолы бар жастарға айтарымыз, жоғарғы шығуға, адам болуға. Оның бірі еңбек болса, екіншісі – білім. Басқа жолы жоқ.