Жұмыстарды жобалауда жергілікті жердің географиялық жағдайын жақсы білетін тұрғындармен кеңесу керек. Мәжіліс депутаттары Әділ Жұбанов пен Дүйсенбай Тұрғанов Атырау облысына сапарында Жем өзені мен Құрсай өзектерінің түбін тереңдету жұмыстарымен танысты. Екі өзен бойынша жалпы ұзындығы 95 шақырымын түп тереңдету жоспарланған. Оған қоса тағы 61 шақырым бөгет соғылуы керек. Әзірге Жем өзені бойынша 4 шақырым, Құрсай өзегінде 31 шақырым бойынша жұмыс бітіп тұр. Кестеге сәйкес жүрсе, биылғы көктемде толық аяқталады.
ДҮЙСЕНБАЙ ТҰРҒАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Қазіргі әкімшілікпен келісіп жатырмыз. Келесі аптада осындай жиын өткізіп, ұсыныстар жобалық компаниямен бірігіп қарастырып, қай жерде қандай тағы да қосымша бөгет не бөгетті алып тастау, шлюз салу мүмкіншіліктерін қарастырамыз деп отырмыз.