$517.84 €543.11 ₽5.28
×

Алимент төлемейтіндерге жаза күшейтілуі тиіс - Мәжіліс депутаты

13.01.2025ж. 20:00
136
Алимент төлемейтіндерге жаза күшейтілуі тиіс - Мәжіліс депутаты

Баласының несібесі - алиментті уақытылы төлемейтін борышкерлердің жазасын күшейту керек. Әйтпесе заңды айналып өткендер айласын асырып, шетел асып жатыр. Оралдық құқыққорғаушылармен кездескен Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева осылай дейді.

Жиында заңдағы өзгерістер мен сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жайы сөз болды. Соңғы 10 жылда 30 мыңнан астам нормативтік-құқықтық акті қабылданып, тұрмыстық зорлық-зомбылық, құмар ойынмен күрес мәселесі қамтылды. Мұның ішінде отбасын ойран қылар кикілжіңге көңіл бөлген жөн, дейді құқыққорғаушылар. Өйткені жарты жылда ерлі-зайыптылардың ерегісіне қатысты 400 дерек тіркелсе, соның 31-і ғана сотқа жетіпті. Қалғаны ашуы басылғасын, райынан қайтып, өзара мәмілеге келген. Алайда алимент төлемейтіндер жазасыз қалмауы тиіс, дейді депутат. 

СНЕЖАННА ИМАШЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Борышкерлер қашып кетуі де мүмкін өздерінің борыштарын өтемей. Сондықтан осы жерді күшейту керек. Тек қана алимент емес, егер де борышкер соттың шешімін орындамағаны үшін жауапкершілік бар: әкімшілік жауапкершілік бар, оның артынан қылмыстық жауапкершілік бар. Сол жауапкершілікті күшейту бойынша өздерінің ұсыныстарын білдірді.