$522.42 €543.89 ₽5.28
×

Ақтөбеде балалар ауруханасында туберкулездің ашық түрімен ауыратын медбике жұмыс істеген

13.01.2025ж. 20:00
125
Ақтөбеде балалар ауруханасында туберкулездің ашық түрімен ауыратын медбике жұмыс істеген

Ақтөбе облыстық балалар ауруханасында медбикеден туберкулездің ашық түрі анықталды. Ол 2023 жылдың желтоқсан айында жұмысқа тұрған. Алғашқыда пневмония болып ауырып, артынша дерті асқынып кетеді. Кейін құрт ауруы анықталған. Бірақ ол ауруханада жұмыс істеп жүре берген көрінеді. Онымен байланыста болғандар қазір тексеруден өтуде. Сондай-ақ, осы ауруханада ем алған балалар да тексеріліп жатыр. 

НҰРЛАН КОЖИН, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Работает комиссия, обл СЭС, гор СЭС... Қазіргі уақытта арнайы комиссия, Облыстық СЭС, Қалалық СЭС өзіміздің комиссия барлығы бірлесіп, жұмыс істеп жатыр. Емханадағылар түгел медициналық тексерістен өтеді. Біздің қызметкерлер де тексеріліп, кейбірі қажетті ем алып жатыр.