$522.42 €543.89 ₽5.28
×

Атырауда мектеп мұғалімі өзіне қол жұмсамақ болды

13.01.2025ж. 20:00
101
Атырауда мектеп мұғалімі өзіне қол жұмсамақ болды

Атырауда мектеп мұғалімі өзіне қол жұмсамақ болды. Оны байқап қалған отбасы мүшелері дереу жедел-жәрдем шақырған. Салық Зиманов атындағы №37 орта мектептің ұстазы өзі қатыспаған педагогикалық кеңесте ұжымның көзінше балағаттап, жала жабылғанына шыдамадым,- дейді. Ал мектеп басшылығы мұның бәрі болмады деп басын алып қашып отыр. Енді жағдайға полиция араласты: істің ақ-қарасын тергеу анықтайды. 

Қудалаудың құрбаны болдым деген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі бет-әлпетін көрсетпеуді сұрады. Айтуынша, педагогикалық кеңеске сабағы болғандықтан қатыспаған. Бірақ жиын соңында директор мен тағы бір әріптесі өзі туралы қызметіне еш қатысы жоқ деректерді айтып, 100 мұғалімнің алдында масқаралағанын естігенде өзімді қоярға жер таппадым,- дейді. Кейін ата-аналар мен оқушылардың чатында талқылануы шыдамын шегіне жеткізіпті.

МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ:

Мен біреуден ақша алған көрінемін, ол ақшаны бермеген көрінемін, ол ақшаны алған кісі, шені өсуіне беретін ақшам деп айтқан. Ол кісімен байланыстым ол кісі онлай үй туралы, ақша туралы сізбен мәселе жоқ деп өзі айтты. Жұмысыма ешқандай қатысы жоқ. Сағатымызға тимесін, оқу жүктемесін қозғамасын, деп талап етіп, журналист шақырғаннан кейінгі маған көрсетіп жатқан қысымдары.

Желтоқсан айының аяғында осы мектептің ұжымы әлеуметтік демалыстан шыққан директорының әрекетіне шағымданған еді. Соған көрсетіп жатқан қайтарымы деп түсініп отыр. Ал директор болса, педагогикалық кеңесте жеке мұғалімнің тәртібі талқыланбады деп азар да безер.

АЙНАГҮЛ БӨЛЕКОВА, С. ЗИМАНОВ АТЫНДАҒЫ №37 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Педагогикалық кеңеске ол кісі болған жоқ. Ол кісіге ешқандай да қатысымыз жоқ. себебі педагогикалық кеңес өзінің тәртібі бойынша жүрді. Қысымшылық айтылған жоқ

Бұл мектеп элекр желісіндегі ақауға байланысты үшінші тоқсан басталғалы уақытша онлайн білім беруге көшті. Сондықтан зерделеу жұмысын енді бастап жатырмыз,-дейді білім бөліміндегілер. Бүгін оқу ордасына арнайы комиссия келді.

АНИСА ОҢҒАРАЛИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Енді 2 күн уақыт қараймыз, біз бір жылмен тоқталмаймыз. Өткенде де айтып кетті. 5 жылғы осы мектептің жұмыс барысын ақ-қарасына дейін толыққанды қараймыз деп.

Ал 39 жастағы мұғалімнің өзіне қол жұмсамақ болған дерегіне қатысты «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен іс қозғалды.

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі таңда тараптардан жауаптар алынуда. Әрі қарай қылмыс құрамы, қылмысқа процесуалды баға беріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасатын болады.

Педагогикалық беделіме нұсқан келді деген мұғалім тиісті органдарға арыз түсірген. |Істі соңына дейін жеткізіп, құқымды қорғаймын,- деп отыр.