Атыраулық тұрғын бүйрегін 9 млн теңгеге сатпақ болды. Ол ағзасын әлеуметтік желі арқылы саудалаған. 28 жастағы жігіт қарызға батып, ақша таппай амалы таусылғандықтан осындай әрекетке барған көрінеді. Оның телеграмдағы жарнамасын көрген ақтөбелік әйел туған ағасына бүйрек алмастыру керегін айтып, екеуі бағасына келіскен. Соған орай донор Ақтөбеге келген. Медициналық тексеріске қатысты шығындарды, донордың жол- пұлын, жалдаған пәтерін барлығын ағзаны сатып алушы өз мойнына алған. Бірақ оның заңсыз әрекет жүзеге аспай қалды. Донорды ақшаны алу барысында полиция ұстаған. Сотта ол өз кінәсін толықтай мойындады.
СОТТАЛУШЫ:
Семейный жағдай , қарызым болып қалды. Бір адамдар, жағдайлар болып қалды.Сол дворға келді. Келістік жартысын до операции, жартысын после операции аламыз деп. Сол уақытта 5 миллион қолыма ұстатты. Мен асықпаңыз деп едім. Ол сумкама салып жіберді. Шығып бара жатқанда полиция ұстап алды.