Алматыда полиция қызметкері пышақ жарақатынан көз жұмды. Оқиға қаладағы мейрамханалардың бірінде болған. Алдымен келушілер арасында жанжал туындаған көрінеді. Сол жерде болған полицей оны тоқтатуға тырысады. Алайда, жанжал сыртта жалғасып, соңында тәртіп сақшысы көз жұмды.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда қатарлас қызметтік тексеру жүргізілуде. Полиция қызметкері жұмыста емес еді. Қазіргі таңда қылмыстық істің басқа да мән жайлары қылмыстық іс жүргізу кодекстің 201-ші баптың талаптарына сай жария етілмейді.