Павлодарда 4 жастағы бала 5 метрлік биіктен құлап кетті. Бала аман. Миы шайқалған. Қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайы орташа ауырлықта екенін айтады.
Оқыс оқиға қаладағы сауда орталықтарының біріндегі ойын алаңында болған. Ойнап жүрген бала абайсызда биіктен құлап кетіпті. Баланың анасының айтуынша, қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Тіпті, нұсқаушы да жоқ. Аталған дерек бойынша полиция тексеру жүргізбек.
МӨЛДІР ӘЛИАҚПАРОВА, БАЛАНЫҢ АНАСЫ:
Аттракционда биік жерлерге балаларды кіргізбеу керек. Бірақ, олар баланың жасын сұрамаған. Ал ол жерге ата-анасының кіруіне тыйым салынған. Баламның денсаулығына зиян келтіргені үшін сотқа беремін. Өйткені, бұндай жағдай енді қайталанбауы керек.