Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен бір топ депутат Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды. Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұрғындарымен кездесті. Онда экологиялық мәселелер қозғалды. Ерлан Қошанов облыс әкімдігі мен «Қазақмыс» компаниясының өкілдеріне жағдайды жақсартуды, соның ішінде Сәтбаевтағы жылу электр станциясын газға көшіру бойынша кешенді шараларды шұғыл түрде қабылдауды тапсырды.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Мемлекет басшысы Үкіметке тапсырма берген осы Сәтпаевтағы жағдай бойынша. Мемлекет басшысы оны біледі. Сондықтан кешенді үлкен тексеріс жұмысын жүргізу керек. Сол тексеріс жұмысының нәтижесінде тиісті шешімдер қабылдау керек. Осы 2-3 жылдан бері экология жағңдайы өте күрделеніп кетті ғой. Қара қар деген ол адамдардың жұтып жатқан, ауамен адамның ағзасына да кіріп жатыр ғой оның барлығы. Сондықтан осы мәселені қарау керек. Ал енді негізгі мәселе-ол газға көшіру. Осы мәселелердің бәрінен сол газ келсе, арылатын боламыз. Бұның барлығы депутаттардың, біздің бақылауымызда болады.